Жаңалықтар тізбегі
0

Заң шықты: ұсталған жемқор үшін кім және қандай жағдайда "кету" керек

zonakz.net, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2020 21:17 zonakz.net
Отставкаға кім кетеді?

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде саяси қызметшілер мен мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бағыныстағы қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілігі мәселелері бойынша түсіндірме берілді, деп хабарлайды zakon.kz.

МҚІА баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай, ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАННЫҢ БАСШЫСЫ (Бұл министрлер, агенттіктердің төрағалары, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың төрағалары) өзінің орынбасары, өзіне тікелей бағынысты мемлекеттік саяси қызметші, жауапты хатшы, аппарат басшысы не орталық мемлекеттік органның облыстық, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың аумақтық бөлімшесінің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде отставкаға береді.

ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН БАСШЫЛАРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ – өзі жетекшілік ететін ведомствоның, дербес құрылымдық бөлімшенің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде.

ОБЛЫС, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА НЕМЕСЕ АСТАНА ӘКІМДЕРІ өзінің орынбасары, өзіне тікелей бағынысты мемлекеттік саяси қызметші, аппарат басшысы не аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан әкімі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде.

ОБЛЫС, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА НЕМЕСЕ АСТАНА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – өзі жетекшілік ететін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде.

АУДАН (ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА), ҚАЛАДАҒЫ АУДАН ӘКІМДЕРІ өзінің орынбасары, әкім аппаратының басшысы, өзі жетекшілік ететін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшысы, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауы отставкаға беруге негіз болып табылады.

МҚІА-ның Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Ерлан Сапаров брифингте "ҚР мемлекеттік қызметі туралы" Заңның мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы мәселесі бойынша ережелері 2019 жылдың 10 желтоқсанында қолданысқа енгізілгенін мәлімдеді.

Осылайша, отставкаға кету туралы міндет өткен жылдың 10 желтоқсанынан кейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған қызметкерлердің басшыларына және саяси қызметкерлерге қолданылады.
Мемлекеттік саяси қызметшілер, егер олар тағайындалған күннен бастап үш ай өткеннен кейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалған жағдайда отставкаға береді.

Саяси қызметшілер соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін немесе сот әлде қылмыстық қудалау органы қылмыстық істі Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) 12) және 12) тырмақшаларының немесе 36-бабы негізінде қысқартқан соң он күнтізбелік күн ішінде отставкаға береді.

Басшылардың жауапкершілігін қарау кезінде көрсетілген шарттардан басқа, қол астындағыларға жасалған сыбайлас жемқорлық қылмысы мен басшының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамаудағы немесе тиісінше орындамаудағы кінәсі арасында байланыстың болуы да маңызды.

Қазіргі таңда Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жоғарғы Сот, Бас прокуратура және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп тиісті іс-қимыл алгоритмін әзірледі.

Мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және квазигоссектор субъектілеріне тиісті лауазымды тұлғаларға қатысты тоқтатылған қылмыстық істердің, заңды күшіне енген айыптау үкімдеріне мониторинг жүргізу алгоритм бойынша бекітілген.

Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар өзара іс-қимылдың осы тәртібіне сәйкес жұмыс істеуде. Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне осы мәселе бойынша жұмысты үйлестіру жүктелген.

Атап өту керек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" атты сайлауалды бағдарламасында сыбайлас жемқорлықты жою бойынша жаңа тәсілдерді атап өтті,оның ішінде ол бағыныстылардың жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін саяси мемлекеттік қызметшілердің жеке жауапкершілігін заңды түрде бекітуді тапсырды.

Мемлекет басшысы "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауында бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін жауапты тұлғалардың тізіміне мемлекеттік органдардың басшыларын енгізуді тапсырды.

Президенттің көрсетілген тапсырмалары негізінде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарға тиісті өзгерістер енгізілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: