Шымкенттің полиция қызметкерлері қыз-келіншектерді құттықтап жіберді

видеодан алынды видеодан алынды
Бұл бастама полиция қызметкерлері туралы қоғамда жақсы пікір қалыптастырады деп жазды желі қолданушылары.

Шымкент полицейлері 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қыз-келіншектерге тосын сый жасады, деп хабарлайды "Хабар 24".

Тәртіп сақшылары қаладағы адам көп жиналатын арбатта бұрымдылардың құрметіне арнап, әсем әннен шашу шашты. Бұл көріністі Нұрдәулет Тәңірберген есімді әлеуметтік желі қолданушысы өзінің фэйсбуктағы жеке парақшасында жариялап, көпшілікпен бөлісті.

Онда бір топ жастар мен қыз-келіншектердің қоғамдық тәртіпті қадағалайтын полиция қызметкерлерінің өнеріне тәнті болып, қошемет көрсетіп жатқанын байқауға болады. Осылайша, аналар мерекесі қарсаңында қалалық полиция департаментінің қызметкерлері нәзікжандылар мен қала қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Бұл бастама полиция қызметкерлері туралы қоғамда жақсы пікір қалыптастырады деп жазды желі қолданушылары.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз