Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Гүл сыйлау да пара бергенмен тең

Гүл сыйлаймын деп, басыңыз бәлеге қалмасын!

Сурет : ilgiornaledelcibo.it6 Наурыз 2020, 10:17

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мереке қарсаңында тек гүл емес, өзге де материалдық құндылықтардың пара болып есептелетінін еске салды. Бұл қағида мемлекеттік қызметкерлерге қатысты. Заңды білмеу, жауапкершіліктен босатпайды. Сондықтан, әп сәтте айыппұл арқалап кетуіңіз ғажап емес.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Алдағы мереке күндері басшыңызды құшақ-құшақ гүлмен қуантып, алғысын арқалаймын деп ойлап отырған болсаңыз, бұл идеяны дереу ұмытыңыз! Білместіктен, басыңыз бәлеге қалары анық. Мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық бергендер әуелден әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал егер сыйыңыздың құны 5 мың теңгеден асып кетсе қылмыскер болып есептелетіні екінің біріне ғана аян. Сондықтан...

Жазира Жылқышиева, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департамент басшысы:

"Сыйлық берудің қажеті жоқ. Ол заңмен реттелген. Біздер тіптен ұжымдарды аралап жүргенде сұрап жатады. Сонда біз не басшымызға гүл бере алмаймыз ба деп. Керек емес біз айтамыз. Егер де қатты бергіңіз кеп жатса, қарапайым қызметкерлер бар ғой, сіздің отырған орныңызды жинайтын. Сіздің қоқысыңызды далаға тастайтын. Сол кісілерге беріңіз. Сіз неге басшыға бересіз?"

Осындай сауалмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жедел желіге жуырда қоңырау келіп түскен. Елордадағы №68-ші мектепте ата-аналар комитеті заңсыз түрде ақша жинауды бастаған. Мерекеге орай, ұстаздарды сый-сыяпатқа қарық қылмақ ойлары болыпты. Ақпарат расталып, дер кезінде заңсыздықтың жолы кесілді. Айтпақшы, өткен жылы елордада пара алу фактісі туралы ақпарат бергендерге қомақты сыйақы бөлінген. Ал биыл 14 ақпаннан бастап, ынталандырудың мөлшері едәуір артқан.

Жазира Жылқышиева, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департамент басшысы:

"Егер де, параның мөлшері 1000 МРП дейін болса, 2 миллион 651 мың теңгеге дейін пара жөнінде айтатын болса азамат 265 мың теңгеге дейін болады. Егер де 1000 мрп-дан жоғары 4000 МРП-ға дейін болатын болса, онда мөлшерден сыйақысы он пайыз болады. Онда оған 10 млн 600 мыңға дейін оған сыйақы беріледі".

Бір қарасаң, оңай олжа секілді иа? Осы ретте агенттікке жалған ақпарат беріп, алақанын ысқылап отыратындар да жоқ емес көрінеді. Ондай өтіріктің арты бір-ақ тұтам. Өйткені әр келіп түскен қоңырау мұқият тексеріледі дейді мамандар.

Ақпараттың растығына сот арқылы көз жеткеннен кейін ғана сыйақы құпия түрде иесіне табысталады. Осылайша, сіздің бір ғана әрекетіңіз, жемқорлықпен күресте ауқымды рөлге ие.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер