Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

"Астана Конвеншн Бюро" коронавирустың туризм индустриясына әсері туралы пікірі

Қазіргі таңда барлық саладағы ең өзекті және көп талқыланатын тақырып бұл қазіргі жағдайдағы коронавирустың әсері және оның салдарлары болып отыр.

Сурет : pixabay.com6 Наурыз 2020, 12:30

Коронавирустың туризм индустриясына, соның ішінде іскерлік туризмге әсері жайлы өз пікірімен Астана Конвеншн Бюро компаниясының директор орынбасары Хелена Махуас бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

- Коронавирус және оған сәйкес өзгерістер туризм саласына, соның ішінде MICE туризміне қалай әсер етуде?

- 2019 жылдың соңында Ухань қаласында пайда болған коронавирустың салдарынан 95 мыңнан астам адамға COVID-19 диагнозы қойылды. Олардың басым бөлігі Қытайда.
80-нен астам мемлекет сапарларға қандай да болсын шектеулер қойды – шекаралар жабылды, кіру және шығуға тыйым салынды, визалық шектеулер және/немесе рейстер тоқтатылды. Көптеген елдерде туристер санының күрт азаюы байқалады.
ICCA Халықаралық конгресстер мен конвенциялар ассоциациясы берген соңғы есептеріне сәйкес бірқатар, атап айтқанда Азия-Тынықмұхит аймағында және Еуропада орналасқан ассоциациялар мен мекемелер 2020 жылдың бірінші жартысына жоспарланған жыл сайынғы кездесулер мен коонвенцияларды кейінге қалдыру немесе өткізуден бас тарту туралы шешім қабылдады (ITB Berlin, Жыл сайынғы РАТА саммиті, т.б.).

- Бүгінде Қазақстан түрлі профилактикалық шаралар қолдануда. Бұл сіздің қалада демалыс және MICE-туризмін дамыту стратегиясымен байланысты жоспарларыңыз бен іс-шараларыңыздың өзгеруіне әсер ете ме?

- Бюро жағдайды мұқият бақылап отыр және біз өзіміздің бастапқы жоспарымызға сәйкес, даму мен ілгерілетуді жалғастыра отырып,вирустың таралуын болдырмауға тырысамыз. Сонымен қатар бұл ретте жоспарланған шараларға, бізідң серіктестерімізге, жеткізушілер мен шараны ұйымдастырушыларды қолдауымызды сақтайтын боламыз.
Белгісіздік кезеңінде болсақ та, біз алға қарап, барынша жақсы әрекет етіп, өз қызметімізді жалғастыра беруіміз керек.

- Бұл жағдайдың жағымды жақтары бар ма?

- Вирустың таралуы бастапқы кезеңде болса да, әдетте ұлттық мереке кезінде шетелге шығатын қазақстандықтар келе жатқан мейрамдарды Қазақстанда өткізетін сияқты, сәйкесінше, жергілікті туризм саласы өкілдерінің табысы артатын болады. Корпоративтік тұрғыдан алсақ, кейбір компаниялар да өздерінің шетелдік іс-шараларын елімізде өткізу туралы шешім қабылдады.

ЮНВТО мен ДДСҰ-ның бірлескен хабарламасына сәйкес, «денсаулық сақтау саласындағы шараларды халықаралық сауда мен туризмге тигізетін кері әсерін барынша азайтып жасау керек» және екі тарап та осы мақсатқа жету үшін тығыз әрекет етеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер