Жаңалықтар тізбегі
0

ІІМ балалардың өмірін жол апатынан сақтауға шақырады

ВИДЕО ІІМ балалардың өмірін жол апатынан сақтауға шақырады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2023 09:40 Сурет: Zakon.kz
Жолдағы қауіпсіздік жағдайы маңызды және өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Ол үшін бұл бағытта көп нәрсе жасалып жатыр. Заңнамалар өзгертіліп, жолдарда жаңа инженерлік шешімдер енгізіліп келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпараттық жүйелер мен бағдарламалар жол жүрісіне қатысушылардың қауіпсіздігін арттырып, полиция жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді.

Бұл жолдағы қауіпсіздік деңгейін жақсартуға да әсер етеді.

Мәселен, ағымдағы жылы апаттылықтың барлық көрсеткіштері төмендеді:

– жол-көлік оқиғалары – 4%-ға

– онда қаза болғандардың саны– 2%-ға

– жарақат алғандардың саны – 8%-ға.

Атқарылған жұмыс нәтижесінде мыңнан астам азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ.

Жалпы көрсеткіштердің төмендеуіне қарамастан, биыл да жол апаты салдарынан болған жасөспірімдер өлімінің көрсеткіші бұрынғыдай жоғары деңгейде қалып отыр.

"Тоғыз ай ішінде жол апатынан 210 бала көз жұмған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға көп", – деді ҚР ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Балалар – жол жүрісіне қатысушылардың ең осал санаттарының бірі. Сондықтан балалар мен жасөспірімдердің жол жүрісі қағидаларын бұзбауын түсіндіру, ереже бұзу жәйттеріне куә болған жағдайда оның алдын алу – әрбір ересек адамның міндеті.

"Полицияның жыл сайын халықпен жүргізіп жатқан түсіндіру жұмыстарына қарамастан, біз балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ескі мәселелермен әлі де кезігудеміз. Бұл – жол-көлік оқиғалары. Жол апатынан зардап шеккен балалардың жартысынан көбі жолаушылар, ал қалған бөлігі – жаяу жүргіншілер екенін атап өткен жөн", – деді Боранова.

Спикердің айтуынша, көп жағдайда зардап шеккен балаларды ересектер автокөлікте тасымалдау ережелерін бұзып, балаларды ұстау құрылғыларынсыз, яғни автокреслосыз, бустерсіз, адаптерсіз немесе мүлдем бекітілмеген күйде тасымалдайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: