Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Карантинде жатқан екі қарағандылық ауруханада арақ ішіпті

4 наурызда Дубайдан Нұр Сұлтанға қазақстандықтар мінген рейс келген.

Сурет : ҚР ДСМ6 Наурыз 2020, 16:22

Қарағандыда Біріккен Араб Әмірліктерінен ұшып келген қазақстандықтар карантинге жіберілген. Бірақ олар ауруханада алкоголь ішіп ұсталды, енді сол үшін жазаланады, деп хабарлайды zakon.kz.

4 наурызда Дубайдан Нұр Сұлтанға қазақстандықтар мінген рейс келген. Ұшақта қазақстандықтармен бірге екі Қытай азаматы болған. Әуежайға келген соң қытайлар оқшауланып, Қытайға қайтарылып жіберілді.

Ал 5 наурызда Қарағанды ​​облысының 23 тұрғыны карантинге ауруханаға жатқызылған еді.

Бүгін, 6 наурызда, депортацияланған екі Қытай азаматында коронавирус жоқ екені анықталды, ал оқшауланған қарағандылықтардың жағдайы тұрақты, дене қызуы және тұмау белгілері жоқ.

- Бірақ өкінішке қарай, кейбір пациенттердің азаматтық-құқықтық жауапкершіліктері төмендеу болып шықты, олар ауруханада алкоголь ішіп, аурухана ережелерін бұзды. Бұл фактіні медициналық қызметкерлер тіркеді, алкоголь ішкенін анықтау үшін олардан қан алынды. Карантин режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, - деп хабарлады Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Денсаулық сақтау басқармасы және облыстың тауарлар сапасы мен қауіпсіздігі бөлімі жағдайды бақылауда ұстап отыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер