"Фейк...". Дональд Трамп мұнай бағасының неге құлағанын айтты

10 Наурыз 2020, 09:57
Сурет: Drew Angerer / Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп әлемдік нарықтағы мұнай бағасының күрт құлауына Ресей, Сауд Арабиясы және фейк ақпаратттар кінәлі деп атады, деп хабарлайды zakon.kz.

Сауд Арабиясы мен Ресей мұнай өндірісі мен мұнай бағасына қатысты дауласып жатыр. Осы бар, одан кейін БАҚ-тағы өтірік ақпараттар – нарықтардың құлауының басты себебі, - деп жазды Ақ үй басшысы Twitter-де.

Тағы бір жазбасында ол қазіргі жағдай тұтынушылар үшін тиімді екенін айтты, өйткені мұндайда бензин бағасы төмендеуі керек.

9 наурызда ОПЕК елдері мұнай бағасының құлдырауына байланысты бір күнде шамамен 500 миллион доллардан айырылды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?