TikTok-та Қорғаныс министрлігінің фейк аккаунты пайда болды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2022 19:37 Сурет: unsplash
TikTok әлеуметтік желісінде ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі көрінетін аккаунт пайда болды. Нақтысында, ол - фейк аккаунт, деп хабарлайды Zakon.kz.

TikTok-та mod.gov.kz деп аталатын пайдаланушысы ондаған бейнеролик жариялап үлгерген. Олардың бір бөлігі – ҚР Қарулы Күштерімен байланысты оқу-жаттығулардың видеолары мен жаңалықтарынан үзінділер.

Құзырлы ведомства, шын мәнінде, бұл аккаунттың ҚР Қорғаныс министрлігіне ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

https://vm.tiktok.com/ZSeTLqDLB / сілтемесі бойынша ашылатын TikTok аккаунты фейк болып табылады. Оның ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми аккаунттарына қатысы жоқ, – делінген министрліктің баспасөз қызметі хабарламасында.

Айта кетелік, ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында TikTok ведомствоның аккаунттары бар әлеуметтік желілер тізімінде көрсетілмеген.

Бұған дейін әлеуметтік желіде қазақстандық әскери қызметшілерді Украинаға жіберу туралы ақпарат тараған болатын. Бұл дақпырт та жоққа шығарылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: