Менің атымнан Instagram-да жалған аккаунт ашылған - Алматы қалалық ПД бастығы
Сурет: Facebook/Канат Таймерденов
Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов Instagram желісінде өз атынан жалған аккаунт ашылғанын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz
Бұл туралы ол Facebook-те жазды.
Қайырлы түн, достар! Назарларыңызды Инстаграм әлеуметтік желісінде белгісіз адамдардың менің атымнан жалған аккаунт ашқанына аударғым келеді. Менің тек "Фейсбук" желісінде ғана қызметтік парақшам бар екенін ресми түрде хабарлаймын, ол арқылы азаматтармен байланыс орнаттым. Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов
Сөз соңында ол әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript