Алматы қаласы ПД басшысы бейбіт шерудің терактіге қалай ұласқанын айтты
3 қаңтарда қалада Батыс Қазақстандағы шеруді қолдау мақсатында заңсыз шерулер басталды. Алматы полициясы басшысының айтуынша, ол кезде қаланың әр жерінде 2 мыңға дейін адам жиналғанымен, өрескел заңбұзушылық тіркелмеген.
Қаңтардың 4-і күні «Алматы Арена» мұз сарайының жанына 2 мыңға жуық наразылық білдіруші жиналған. Осы кезде заңсыз әрекеттер басталып, шеруге қатысушылар Шығыс айналма жолының бойында көлік қозғалысын жауып тастаған. Қаланың әр түкпірінде жиналғандардың жалпы саны 5 мың адамға жеткен.
Полиция қызметкерлері бейбіт жиындар кезінде қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етудің бұрын әзірленген алгоритмі бойынша жұмыс істеді және қарусыз болды.Алматы қаласы ПД бастығы Қанат Таймерденов
Дабыл бойынша гарнизонның барлық жеке құрамы жиналып, арнайы жедел жоспар күшіне енген. Полиция стратегиялық нысандардың күзетін күшейтіп, әр жерге полиция мен Ұлттық ұланның қосымша бөлімшелері орналастырылған.
Алматы қалалық полиция департаменті басшысының айтуынша, лаңкестер қаланың әр жеріндегі патрульдік бөлімшелерге бір уақытта шабуыл жасай бастаған. Олардың әрекеттері алдын ала ұйымдастырылған, топ жетекшілері бақылап отырған.
Алматы