Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Әлемдік саммиттер, көрмелер, форумдар жасадық. Әндеттік, биледік

Жағдай өте нашар! Қазақстан үшін өте жағымсыз жаңалықпен басталды мына апта.

Сурет : facebook.com10 Наурыз 2020, 10:11

Мұнай бағасы бірден 30%-ға құлдырады. Мұндай бірден құлдырау 1991 жылғы Парсы шығанағындағы сұрапыл соғыстан кейін болған емес. ОПЕК-тің арнайы басқосуында мұнай өндіруді азайту бойынша келісім іске аспағандықтан, Сауд Арабиясы мұнайдың ресми бағасын бірден түсіріп жіберді.

Қазір мұнай бағасы Brent маркасына 31,5 доллар, WTI маркасына 30,30 доллар болып қалды. Өткен айда бұл көрсеткіш 57-55 долларға тең еді.

- Мұнай Алланың бізге берген сыйы еді, бірақ біз сол сыйды қолдана алмай келеміз. Осы арқылы экономикамызды әртараптандыруға, халықтың жағдайын көтеруге мүмкіндік болып еді. Бақандай 30 жыл уақыт берілді. 30 ЖЫЛ! Сауд Арабиясы, Катар, БАӘ елдері ол мүмкіндікті іске асыра білді. Мұнайдан түскен қаржыны өзге секторды дамытуға салды, туризмді көтерді. Экономикаға жаңа рычагтар жасады. Ал біз сол Крыловтың мысалындағыдай шырылдауық шегіртке болдық. Әлемдік саммиттер, көрмелер, форумдар жасадық. Әндеттік, биледік, - деп жазды желіде Асхат Қасенғали.

Экономикамыздың жартысынан көбін мұнай қамтамасыз етіп отыр. Мұнай-газ саласы бойынша 250 кеніште 104 түрлі кәсіпорындар қызмет етуде. Біз өз бюджетімізді мұнай бағасының 55 доллар болуымен өлшеп, соған жоспар құрып қойдық.

- Экономиканы әртараптандыру бойынша сөзбен айтылғанмен, іспен жасаған жоқпыз. Енді міне, шикізаттан басқа түк өндірмейтінімізді ОПЕК саясаты бетімізге әдемі "былш" еткізді. Салфеткамен сүртсең де кетпейді. Сауд Арабиясы бұл баға соғысын Ресейге жариялағанымен, бізге қатты әсер етеді. Теңге құлдырайды, онсызда тізесі дірілдеп әрең тұр. Доллар өседі. Девальвацияның құлағы қалқиып тұр әне. Азық-түлік, дәрi-дәрмек және басқа қажеттіліктер бағасы біртіндеп өсе бастайтынын айтпасақ та түсінікті. Ресми түрде бюджеттің 44% мұнай-газ саласы береді. Демек бюджетке түсетін қаржы азаяды. Артынша жалақы беру, өсіру, зейнетақы деген мәселелер де пайда болуы мүмкін, дейді пост авторы.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер