Жаңалықтар тізбегі
0

Францияның мәдениет министрі коронавирус жұқтырды

AP Photo / Michel Euler, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2020 16:30 AP Photo / Michel Euler
Ресми ақпарат Қазақстанға коронавирус келген жоқ деп отыр.

Коронавирус Францияның мәдениет министрі Франк Ристерден табылды, деп хабарлайды Deutsche Welle.

Риестер әзірге ауруханада емес, үйінде жатыр делінеді. Қазір министрмен қатынаста болған адамдар анықталуда.

Соңғы екі аптадан бері Франция үкіметінің мүшелері жиналыстарда бір-бірімен қол беріп амандасуды қойған.

COVID-19 деген атау берілген жаңа коронавирустың тарағаны 2019 жылдың желтоқсан айының соңында белгілі болды. Қытайдың Ухань қаласында (Хубэй провинциясы) бұрын белгісіз болып келген ауру өршіп кетті.

Қазіргі уақытта коронавирус 100 елге таралды. Джонс Хопкинс институтының мәліметі бойынша, коронавирусты 113,773 адам жұқтырды, 4 008 адам қайтыс болды, 63,663 адам жазылды.

Ресми ақпарат Қазақстанға коронавирус келген жоқ деп отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: