Гонконгте көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары бір-біріне коронавирус жұқтырды
видеодан алынды
Мамандар ауру кәріз және желдеткіш жүйесі арқылы таралуы мүмкін деп отыр.
Гонконгте бір тұрғын үй кешенінде коронавирусқа екі адамның шалдыққаны анықталды. Вирус 10-қабатта тұрған ер адамнан 3-қабаттағы 62 жастағы әйелге жұққан. Осы себепті ғимараттан 100-ден астам тұрғын арнайы орынға эвакуацияланып, тексеріс жүріп жатыр, деп хабарлайды "Хабар-24".
Мамандар ауру кәріз және желдеткіш жүйесі арқылы таралуы мүмкін деп отыр. Жалпы тұрғын үйде 1 мыңнан астам адам бар.
Айта кетейік, бұған дейін Гонконг билігі аймақта індетке шалдыққандардың саны 42-ге жеткенін мәлімдеген.
Кэрри Лам, Гонконг әкімшілігінің басшысы:
- Бізде дерттің таралуына тосқауыл қоятын механизм бар. Егер вирус тұрғын үй кешенінің іші мен айналасында анықталатын болса қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Осы оқиғаны жіті тексеріп, мұндай жағдайдың қайталанбауына күш салуымыз қажет.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript