Бүгін қор биржасында 1 АҚШ доллары 394 теңгеден саудаланды

10 Наурыз 2020, 11:07
Сурет: azh.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) бүгінгі сауда-саттықтағы 1 АҚШ долларының бағамы 394,080 теңгені құрап, жұмадағы, яғни 6 наурыздағы құнынан 8.120 теңгеге өсті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл ретте сұраныс 393, 070 теңге, ұсыныс 395, 090 теңге деңгейінде болды.

Сауда-саттық диапазоны 386.025 - 396.080 теңге аралығында болды.

Алдында хабарланғандай, 9 наурызда қазақстандық биржаларда мұнай бағасы арзандағаннан кейін доллар 400 теңгеге дейін көтеріле бастады. Бұл ОПЕК + келісімінің сәтсіз аяқталуына байланысты болды, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі бірден 30 процентке арзандап, 31,43 долларға дейін түскен.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?