Астаналық автовокзал 1 млрд теңгеге сатылды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2017 18:26 Zakon.kz
«Сапаржай-Астана» ЖШС нақты құны 1 005 151 125,94 теңге болды.
Электронды түрде сатылымға шығарылған елордадағы «Сапаржай-Астана» ЖШС 1 млрд теңгеге өтті, - деп хабарлайды elorda.info

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мемлекеттік реестрінің веб-порталына «Сапаржай-Астана» ЖШС 100% акциясы сатылымға қойылған еді. Саудаға қоюшы «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ Жекешелендіру аукцион түрінде өтті.

Қатысушыларға 68 070 000 теңге төлеу міндеттелді. Ал аукциондағы бастапқы баға 484 359 000 теңге. Нәтижесінде «Сапаржай-Астана» ЖШС нақты құны 1 005 151 125,94 теңге болды. Автовокзалдың жаңа қожайындары туралы әзірге ақпарат жоқ.

Фото: elorda.info





Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: