Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қызылорда облысында балабақша меңгерушісі 8 млн теңгеге жуық ақша жымқырды

Тағы бір балабақша ісінің ақыры.

Сурет : zakon.kz10 Наурыз 2020, 11:52

Қызылорда облыстық сотының үкімімен жекеменшік балабақшаға қатысты тағы бір істің нүктесі қойылып, балабақша меңгерушісінің жазасы тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазалы ауданындағы жекеменшік балабақшаның меңгерушісі балабақшаға келмеген 58 баланы ай сайын тіркей отырып, әр балаға мемлекеттен бөлінетін қаражаттан жыл көлемінде 7 млн 932 мың теңгені жеке пайдасына жаратқан. Басты сот талқылауында куәлік еткен ата-аналардың айтуынан анықталғандай, тізімде әлдеқашан мектепте оқып жүрген балалар да бар.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабы 3 бөлігінің 1) тармағымен айыпталған бұл ауыр қылмысы үшін балабақша меңгерушісіне 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, балабақша есебіне негізсіз аударылған қаражатты қайтаруға міндеттелді.

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің өндірісінде өткен жылы бюджет қаражатын жымқыру, талан-таражға салу және мақсатсыз пайдалану саласында 46 қылмыстық іс болған. 36 істің өндірісі аяқталып, мемлекетке келтірілген залал көлемі 319,5 млн. теңгені құрады. Мемлекеттік бағдарламаларды орындау мақсатында бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың өткен жылы 17 фактісі анықталған. Оның ішінде, дәл осы "Балапан" бағдарламасы бойынша 10 қылмыстық іс бар.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер