Балабақша басшылығы жалған субсидия алып, 3,6 млн теңге жымқырды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2019 22:18 zakon.kz
Сот үкімі "Дарын ББ" балабақшасының басшыларын 3 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеді.

Степногорск қаласының прокуратурасы мемлекеттік бюджеттен ірі көлемдегі ақша ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру" бағдарламасы бойынша жеке мектепке дейінгі білім беруді қаржыландыру мәселесін талдау барысында "Дарын ББ" балабақшасының басшылығы ай сайынғы субсидияларды алу үшін балалардың жалған деректері мен тізімдіктерін бергені анықталды.

Алаяқтық әрекеттердің нәтижесінде балабақша басшылығы 3,6 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырған.

Қала прокуратурасының ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша бастаған сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша, сот үкімі "Дарын ББ" балабақшасының басшыларын 3 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеді.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: