Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Депозиттерге кепілдік беру қорының мөлшерлемесі қайта қаралды

Ағымдағы жылдың 10 наурызынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі жылына 12 пайыз деңгейінде бекітілді.

Сурет : zakon.kz10 Наурыз 2020, 13:24

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры базалық мөлшерлеменің өсуіне байланысты теңгедегі депозиттер бойынша 2020 жылдың наурыз бен сәуір айларына ұсынылған ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін қайта қарады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ағымдағы жылдың 10 наурызынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі жылына 12 пайыз деңгейінде бекітілді.

Еске сала кетсек, жеке тұлғалардың қайтадан тартылған депозиттері бойынша максималды сыйақы мөлшерлемесін анықтау және бекіту әдістемесіне сәйкес ұсынылған мөлшерлемелер базалық мөлшерлеме өзгергенде қайта қаралып, ол бекітілген күннен бастап күшіне енеді.

Өзгерістер мерзімсіз салымдарға қатысты орын алды. Өйткені бұл салымдар Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі негізінде есептеледі. Сонымен мөлшерлемелер 9,8 пайыздан 12,5 пайызға дейін өсті. Сонымен қатар 3 және 6 айлық мерзімді депозиттер және 3 айлық жинақ ақша салымы бойынша мөлшерлемелер де 13 пайызға дейін жоғарылады.

Айта кетелік, аталған депозиттер бойынша мөлшерлемелер мына мәндердің ең үлкеніне тең болады: орташа өлшемді нарықтық сыйақы мөлшерлемесі плюс спред немесе базалық мөлшерлеме плюс спред.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер