Жаңалықтар тізбегі
0

Депозиттерге кепілдік беру қоры тамыз айына ең жоғары мөлшерлемелерді өзгертті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2020 19:43 zakon.kz
Қазақстанның Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі 0,5 пайыздық тармаққа төмендеді.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) 2020 жылдың тамызына қатысты теңгелік депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелердің қайта қаралғанын хабарлайды.

Қазақстанның Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 0,5 пайыздық тармаққа төмендеп, 9 пайызды құрауына байланысты ҚДКБҚ депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді қайта қарады. Мысалы, мерзімсіз салымдар бойынша ұсынылатын максималды сыйақы мөлшерлемелері 9 пайызды құрады. Бұл деңгей ақша-несие саясатын ескере отырып, банктер тарапынан қаражат тартудың базалық бағасын білдіреді.

12 және 24 айға арналған мерзімді салымдарды қоспағанда, депозиттердің барлық дерлік түрлерінің сыйақы мөлшерлемелері 0,5 пайыздық тармаққа өзгерді. Бұл ретте салымдарды жіктеу қағидасы сақталады, яғни толықтыруға болатын, қысқа мерзімге арналған депозиттердің мөлшерлемесі толықтырылмайтын түріне қарағанда 0,5 пайыздық тармаққа төмен.

Жалпы экономиканың ағымдағы жағдайын және оның орта мерзімді кезең ішіндегі дамуына қатысты болжамдарды ескере отырып айтар болсақ, депозиттер бойынша жаңартылған мөлшерлемелер табыстылықтың оңтайлы деңгейіне толығымен сәйкес келеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2020 19:43

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: