Депозиттердің тамыздағы максималды мөлшерлемелері жарияланды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2021 18:04 zakon.kz
Қазақстанның Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі маусым айында 9,0 пайыз деңгейінде сақталды.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың тамыз айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті, деп хабарлайды zakon.kz.

Қысқа мерзімді теңгелік депозиттер бойынша ұсынылған максималды мөлшерлемелер өзгерген жоқ. Өйткені Қазақстанның Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі маусым айында 9,0 пайыз деңгейінде сақталды. Еске саламыз, мұндай депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелердің көлемі базалық мөлшерлемеге тікелей тәуелді.

12 және 24 айға арналған мерзімді салымдар және 24 айға арналған жинақ салымдар бойынша максималды мөлшерлемелер де бұрынғы деңгейінде қалды. Бұған депозит нарығының осы сегментінде белсенділіктің төмендігі себеп болды.

12 айға арналған жинақ депозиттер бойынша орташа өлшемді нарықтық мөлшерлемелер төмендегендіктен, осы депозиттерге тиесілі шекті мөлшерлеме 13,9 пайызға дейін азайды. Алайда аталмыш депозиттер бойынша мөлшерлемелер депозиттердің басқа түрлері арасында әлі де ең жоғары деңгейде болып қала бермек.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2021 18:04

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: