Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Бекшин жұмыс берушілерге үндеу жасады

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары 1-2 санаттағы елдерден келген қызметкерлерді жұмысқа жолатпауы керек.

Сурет : Хабар 2410 Наурыз 2020, 15:58

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ұйым басшыларына ұсыныс жасады, деп хабарлайды "Хабар-24".

"Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары 1-2 санаттағы елдерден келген қызметкерлерді жұмысқа жолатпауы керек. Неге десеңіз, ең біріншіден бүкіл ұжымды қорғау керек. Олар өз тарапынан өз жанұясын, достарын, туыстарының денсаулығын ойлауы керек", - деді Ж.Бекшин.

4 наурыздағы 12-қаулының 1 тармағына сәйкес, 1 Б және 2 санаттағы елдерден келетін адамдар заңнамаға сәйкес, тұратын жері бойынша өзін-өзі оқшаулап, үйдегі карантинде болуы тиіс. Айта кетсек, 1 А тобындағы елдерден келгендер міндетті түрде 14 күнге карантинге жатқызылады. Бүгіннен бастап Италия коронавирусқа байланысты 1-санаттың А тобына енгізілді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер