Жаңалықтар тізбегі
0

Астана әуежайы жолаушыларға тағы да үндеу жасады

Астана әуежайы жолаушыларға тағы да үндеу жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2023 19:03 Сурет: Zakon.kz
1 қараша күні елорда әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеме жасап, қалып кеткен заттарды қалай қайтару керек екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хабарламада әуежай қызметкерлері жолаушы ұмытып кеткен заттарды күнде тауып беретіні айтылған.

"Көбіне жолаушылар құжатын, банк карталарын қалдырып кетеді немесе смартфоны мен ақшасын жоғалтып алады. Жолаушылар мен әуежай қонақтары заттарды қоғамдық және бақылаудағы аумақтарға қалдырады. Жолаушы әлі Астанадан немесе әуежайдан кетпесе, жоғалғанын уақытында байқаған соң заттарды бір сағатта заңды иесіне қайтаруға болады".Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Әуежай жағынан қызметкерлер дауыс зорайтқыш байланыс арқылы хабарлайды.

Айтпақшы, терминал ғимаратында табылған барлық зат міндетті түрде авиациялық қауіпсіздік қызметімен тексеріліп, содан кейін сақтау бөлмесіне қойылады. Жолаушылар ұмытып кеткен заттар мен құжаттар полиция бөлімінде сақтаулы.

Жоғалған заттарды сақтау бөлмесінен алу үшін не істеу керек?

Жоғалған затты алу үшін сақтау бөлмесіне хабарласып, заттың ұмытылған жерін, күнін және оның толық сипаттамасын көрсету керек.

"Егер заттың сипаттамасы сақтау бөлмесінде сақталған затқа сай келсе, жеке басын куәландыратын құжатты көрсету арқылы соны алып кете аласыз. Сақтау бөлмесі халықаралық терминалда (Т1) және ішкі терминалда ( T2)."Елорда әуежайының баспасөз қызметі

Иесіз зат табылса не істеу керек?

Мамандар ескертеді: ең әуелі иесіз нәрселерге мұқият болу керек. Егер иесіз затты тапсаңыз, оған қол тигізбеңіз және оның жанында ұялы телефонды қолданбаңыз, бірақ дереу әуежай қызметкеріне немесе құқық қорғау органының өкіліне хабарлаңыз.

Сонымен қатар бірнеше ұсыныс берілген:

  • Заттарды қараусыз қалдырмаңыз.
  • Кездейсоқ таныстарға заттарыңызды сеніп тапсырмаңыз.
  • Барлық заттардың орнында екенін мезгіл-мезгіл тексеріп тұрыңыз.
  • Телефоныңызды қоғамдық розеткада зарядтап жатсаңыз, оған жақын болыңыз.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: