Жаңалықтар тізбегі
0

Еңбек ерлерінің жәрдемақысы қатты өскелі жатыр

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2020 18:27 zakon.kz
Сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағында әскери іс-қимылға қатысқан соғыс ардагерлеріне арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау ұсынылды.

Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар "Ардагерлер туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобаларын қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Депутат Гүлшара Әбдіқалықова атап өткендей, "Ардагерлер туралы" заң жобасы Отан алдындағы әскери және азаматтық борышын атқарған ардагерлер мен республика азаматтарының құқықтары мен әлеуметтік мүдделерін қорғау саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған.

Заң жобасында ардагерлердің әлеуметтік қорғалатын бес санатының мәртебесін белгілеу қарастырылған. Онда ІІ-дүниежүзілік соғыс ардагері және соған теңестірілген адамдарға жеңілдіктер мен кепілдіктер мәртебесін белгілеу ұсынылады. Сонымен қатар, басқа мемлекеттердің аумағында соғыс ардагерлерін, соның ішінде республиканың бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындайтын әскери қызметшілерді жеке санатқа бөлу ұсынылады, - деді ол.

Оның айтуынша, заң жобасында ардагерлерді әлеуметтік қолдаудың бірқатар шараларын белгілеу қарастырылған.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" екінші заң жобасына сәйкес, ардагерлерге бірқатар әлеуметтік және құқықтық кепілдіктер қарастырылған.

Социалистік Еңбек ері мен үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің батырларына арналған жәрдемақы көлемін 138,63 АЕК-ке дейін арттыру, басқа мемлекеттердің аумағында әскери іс-қимылға қатысқан соғыс ардагерлеріне 6,19 АЕК мөлшерінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау ұсынылады, - деді Әбдіхалықова

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: