12,5%. Қазақстанда қай банк мерзімсіз депозиттерге ең үлкен мөлшерлеме ұсынады

11 Наурыз 2020, 14:21
Сурет: zakon.kz

10 наурызда Қазақстан базалық мөлшерлемені 12%-ға дейін көтерді. Сол күні Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры да (ДКБҚ) мерзімі жоқ салымдар бойынша ең жоғары мөлшерлемені - 9,8%-дан 12,5%-ға дейін көтерді. Бұл дегеніміз – жергілікті банктер енді тұрғындардан ақшаны осындай пайызбен қабылдауға құқылы екенін білдіреді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстанда ең бірінші болып ең тиімді шартты "Хоум Кредит Банкі" ұсынды.

Банктің сайтында жазылғандай, 11 наурыздан бастап "Простой" депозитінің салымдары бойынша тиімді мөлшерлеме ең жоғары деген 12,5%-ды құрайды.

Салымды 1000 теңгеден бастап ашуға болады.

Мерзімі – 12 ай.

Сыйақы төлеу – күн сайын.

Ақшаны еш комиссиясыз алуға болады.

Салымды толықтыру үшін комиссия жоқ.

Home Credit Bank Kazakhstan мобильді қосымшасында онлайн режимде салым ашуға, толықтыруға, комиссиясыз шешіп алуға болады.

Депозит туралы толығырақ мына жерден таныса аласыз. Банктің қазіргі салымшылары өз салымын жаңа шарттармен қайта аша алады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?