Жаңалықтар тізбегі
0

"Сенатта бізге сөз бермеді" деген видеоға Сенат жауап берді

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2020 22:03 видеодан кадр
Сенаттың баспасөз қызметі бұл деректер шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды.

2020 жылғы 9 наурыз күні youtube әлеуметтік желісінде "Қорғау HR" Адам құқықтарын қорғау" қорының өкілі Гүлмира Исембиеваның бейне үндеуі жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда "ҚР Парламенті Сенатында өтетін әрбір дөңгелек үстел барысында ата-ана ретінде сөз сөйлеймін деушілерге сөз сөйлеу мүмкіндігі берілмейді, микрофондар өшіріледі. Бізге сөз сөйлеу мүмкіндігі берілмейді. Менің айтқым келгенім, қазіргі уақытта медицинаның араласуынан, кез келген медициналық араласудан бас тартқаны негіз болған ата-аналарды, біздерді ата-ана құқығынан айыратын 152-ші бап Парламентте қаралып жатыр, олардың пікірінше, бұл шара балалардың денсаулығын сақтайтын болады. Яғни, егер біз екпе салдырғымыз келмесе, онда бізді ата-ана құқығынан айыра алады. Егер біз баламызды психотроптық дәрі-дәрмекпен емдегіміз келмеген жағдайда, ал қазіргі уақытта мектептерде писоходиагностика енгізіле бастады, онда бізді тағы да ата-ана құқығынан айыруы және баламызды балалар үйіне жіберуі мүмкін. Мен бұл түзетумен келіспеймін және менің ойымша көптеген ата-аналар да бұл түзетумен келісе қоймас", делінген.

Сенаттың баспасөз қызметі бұл деректер шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. Қазіргі уақытта Сенатта бейне үндеуде айтылған мәселелер талқыланып жатқан жоқ. Одан басқа бұл мәселелер қарастырылған заң жобасы да қаралып жатқан жоқ.

Сенатқа келіп түскен барлық заң жобаларын талқылауға жұртшылық кеңінен қатысады. Әркім сөз алып, өзінің пікірін білдіре алады.

Жұртшылықпен тығыз қарым-қатынасты қамтамасыз ету мақсатында Парламенттің ресми сайты (senate.parlam. кz) жұмыс істеп келеді. Онда "Кері байланыс", "Ұсыныстарды жинау", "Заң жобасын ұсыну", "Қаралып отырған заң жобалары" сияқты айдарлар бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: