Актер Том Хэнкс әйелімен бірге коронавирус жұқтырды

Актер бұл туралы өзінің Twitter-дегі аккаунтында жазды.
Американың әлемге әйгілі актері Том Хэнкс өзі мен әйелі Рита Уилсон екеуінің коронавирус жұқтырғанын жазды, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазір олар Австралияда екен. Екеуінің де жай-күйі болмай, дене-бойы қалшылдап, әлсіреу байқалған. Хэнкстің әйелінің тіпті дене қызуы көтерілген.
Сәлем, достар. Рита екеуміз Австралиядамыз. Тексеруден өткеннен кейін бізден коронавирус анықталды, - деп жазды ол Twitter-де.
— Tom Hanks (@tomhanks) March 12, 2020
Бөлісу
0
Толық оқу