Конор Макгрегор спорттан кететінін мәлімдеді
Аралас жекпе-жекте (ММА) өнер көрсететін ирландиялық спортшы Конор Макгрегор жауынгерлік аралас жекпе-жек өнерінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол бұл туралы өзініің twitter-дегі парақшасында жазды.
- Сәлем, достар, жылдам хабар, мен бүгін ресми түрде "Аралас жекпе-жек өнері" деп аталып жүрген спорттан кететініміді мәлімдеймін. Бұрынғы әріптестерімнің барлығына жарыстарда жетістік тілеймін. Енді мен зейнетке шығып, өзімнің осы саладағы бұрынғы қарсыластарымның қатарына қосыламын, - деп жазды Макгрегор.
Hey guys quick announcement, I’ve decided to retire from the sport formally known as “Mixed Martial Art” today.
— Conor McGregor (@TheNotoriousMMA) 26 марта 2019 г.
I wish all my old colleagues well going forward in competition.
I now join my former partners on this venture, already in retirement.
Proper Pina Coladas on me fellas!
Бұған дейін, ирландиялық спортшының боксқа келуі жайлы ақпарат тараған болатын. Бірақ, енді оның бұл жоспарының қаншалықты маңызды екені әзірге белгісіз.
Конор Макгрегор ММА ережесі бойынша соңғы жекпе-жегін 2018 жылдың қазан айында өткізіп, ол ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңілген болатын. ММА-да ирландиялықтың жалпы есебінде 21 жеңіс, 4 жеңіліс бар. Ол бұрын жартылай жеңіл және жеңіл салмақта UFC чемпионы титулындарының иегері болған еді.