Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Таксистер де бар. Мәскеуде коронавирус науқастармен бір мыңға жуық адам байланыста болған

Мәскеуде инфекцияның расталған тоғыз жағдайы тіркелген.

Сурет : Pixabay12 Наурыз 2020, 09:25

Коронавирус жұқтырған ресейліктермен шамамен бір мыңға жуық адам байланыста болған, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Қысқа мерзім ішінде вирус жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған барлық адам анықталды. Бұл науқастың достары мен туыстары ғана емес, сонымен қатар ұшақта бірге келген жолаушылар, такси жүргізушілері, курьерлер және тағы басқалар. Қазіргі уақытта Мәскеуде барлығы 1 мыңға жуық адам қатаң медициналық бақылауға алынған. Науқастармен байланыста болып Мәскеуден сыртқа кеткен 700 жолаушы туралы мәліметтер басқа аймақтардың қызметтеріне жіберілді, деді РФ астанасы әкімінің әлеуметтік даму жөніндегі орынбасары Анастасия Ракова.

Диагноз расталғаннан кейін науқас мінген ұшақ жолаушыларына SMS-хабарламалар жіберіледі. Барлығы оқшауланып, үйге дәрігер шақыруы керек. Қазірдің өзінде 650-ден астам хабарлама жіберілді. Ұшақтағы жолаушылардан алынған анкета ондағылардың жеке тұлғаларын тез анықтауға себептігін тигізді.

Мәскеуде инфекцияның расталған тоғыз жағдайы тіркелген.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер