Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев мемлекеттік орган басшыларын жинап, кеңес өткізді

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2020 18:59 Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев халықты азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесін ерекше атап өтті.

Қазақстан Президенті бірқатар мемлекеттік орган басшыларымен кеңес өткізді, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кеңес барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялағаннан кейінгі әлемдегі ахуал жайында баяндады.

Сондай-ақ, министр ДДСҰ-ның індетке қарсы күреске қатысты ұсыныстары, сондай-ақ, Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді.

Қазақстан Президенті Үкіметке және басқа мемлекеттік органдарға вирустың елімізге енуіне және таралуына жол бермеу шараларын қатаңдату жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Атап айтқанда, жаппай мәдени және спорттық шаралар, конференциялар мен көрмелер өткізуге уақытша тыйым салынады. Халық көп шоғырланатын жерлерде, сауда орталықтары мен базарларда, қоғамдық тамақтану орындарында, вокзалдар мен әуежайларда қатаң санитарлық режим енгізіледі. Мектептердегі көктемгі демалыс 2020 жылдың 16 наурызынан басталады. Жоғары оқу орындары қашықтан оқыту әдісіне көшіріледі. Халықаралық әуе тасымалына қатысты да қосымша шектеу шаралары қабылданады.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесін ерекше атап өтті. Президент шектеу шараларынан шағын және орта бизнестің зардап шекпеуі тиіс екенін айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: