Жаңалықтар тізбегі
0

Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысу үшін Минскіге барды

Кездесу, Олжас Бектенов, Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы, Минскі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2024 20:09 Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
2024 жылы 3 маусымда Олжас Бектенов Минскіде ЕАЭО елдерінің үкіметтер басшыларымен халықты сапалы әрі қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысу мақсатында Минскіге барды. Сапар барысында Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченкомен екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері бойынша кездесу өтті, делінген Үкімет баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сауда-экономикалық, өнеркәсіп, АӨК, цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Екіжақты тауар айналымы былтыр 912 млн долларды құрады. Сауда ағындарын әртараптандыру және жеткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейту шаралары қаралды. Қазақстан шамамен 265 млн доллар сомасына 105 тауар позициясы бойынша экспортты ұлғайтуға дайын.

Кездесу, Минск, Олжас Бектенов, Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2024 20:09

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Ауылшаруашылығы машиналарын жасау саласындағы бірлескен жобалар — екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыты. Бүгінгі таңда жалпы құны 200 млн доллардан асатын тракторлар мен комбайндарды және өзге де техниканы құрастыру бойынша 11 жоба іске асырылды, 1,6 мың жұмыс орны ашылған.

Тараптар қазақ-беларусь әріптестігінің қарқынды дамуын қамтамасыз ету үшін көпжоспарлы жұмысты жалғастыру ниетін растады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: