Бұл жалпыұлттық карантин емес – Біртанов

12 Наурыз 2020, 13:55
Сурет: Ортком

ОКҚ-да өткен брифингте Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеуге бағытталған бірқатар шаралар туралы айтылды. Бірақ Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бұл жалпыұлттық карантин емес деп атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

- Жалпыұлттық карантин жоқ. Бұл бар-жоғы бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде мерекелік шараларды шектеу. Үйірмелерге, секцияларға және фитнес-орталықтарға баруға тыйым жоқ. Тек бұқаралық шараларға тыйым салынған. Қалғанының бәріне санитарлық режим қажет, залалсыздандыру жасалады. Біздің міндетіміз – вирустың таралуына жол бермеу, - деді Біртанов.

Ол ДДҰ-ның коронавирус жоқ елдерге арналған үш кеңесін атады: дайын болу, анықтай алу және таралуын азайту.

- Сондықтан тоқтату мүмкін жағдайда бұқаралық шараларды тоқтатып, жеке бас гигиенасына мән бергеніміз дұрыс, - деді спикер.

Сонымен бірге, ол ҚХР-да коронавирус пайда болғаннан бері Қазақстан азаматтары қолға алған алдын-алу шараларының арқасында елімізде маусымдық аурушаңдық деңгейі төмендегенін атап өтті.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?