Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында карантин мерзімі ұзартылды

аа.сом, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2021 15:38 аа.сом
Құжатқа сәйкес, облыста бұқаралық іс-шараларға (мерекелік, спорттық, ойын-сауық мәдени шаралары, форумдар, конференциялар, көрмелер және т.б.) тыйым салынады.

Түркістан облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін карантин мен шектеу шараларының мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Түркістан облысының бас санитарлық дәрігері Нұрбек Нышанов осы сипаттағы жаңа қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес, облыста бұқаралық іс-шараларға (мерекелік, спорттық, ойын-сауық мәдени шаралары, форумдар, конференциялар, көрмелер және т.б.) тыйым салынады.

Сондай-ақ, санитарлық дәрігер ойын-сауық мекемелерінің (бильярд, боулинг, түнгі клубтар, компьютерлік клубтар, караоке, батуттар және басқалары), букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салды.

Балалардың ойын-сауық орталықтарының (ойын алаңдары, жабық аттракциондар) қызметі де шектеледі.

Нышанов қалалық, қоғамдық жағажайлардың, аквапарктердің қызметіне тыйым салуға, сондай-ақ білім беру ұйымдарына қашықтықтан білім беруді, соның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтықтан өткізуге шешім қабылдады.

Облыстағы медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде, сәбилер үйінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, интернат типіндегі мүгедек балаларға арналған білім беру мекемелерінде карантиннің сақталуын және санитарлық-дезинфекциялық режимнің сақталуы күшейтілді.

Алайда саябақтарға, скверлерге, жағалауларға және халықтың басқа да демалыс орындарына әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топта немесе бір отбасы мүшелері көлемінде ойын-сауық орындары жоқ жерге баруға рұқсат етіледі.

65-тен асқан адамдарға өте қажет болмаса көшеге шығуды шектеу ұсынылды.

Сондай-ақ, көпшілік іс-шараларды, сондай-ақ тұрғылықты жерінде (туған күндер, мерейтойлар, қоштасу, құдалық, той, беташар, ауыз ашар, ас беру және басқалары) адамдардың жаппай жиналуына байланысты отбасылық, мерейтойлық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Алайда жерлеу шараларын өткізген кезде 30 адамға дейін (отбасы мүшелері) кемінде 2 метр арақашықтықты сақтау арқылы жиналуға рұқсат етіледі.

Облыс аумағында бетперде кию режимін және кемінде 1,5-2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтау қажет. Облыс тұрғындары мен қонақтарынан әрқашан, әсіресе қоғамдық көліктерде, қоғамдық орындарда (үй-жайларда, кәсіпорындарда, мекемелерде, базарларда, сауда нысандарында және т.б.), ашық аспан астында бетперде тағу міндеттеледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: