Жаңалықтар тізбегі
0

Ухань дәрігерлері салтанатты түрде маскаларын шешті

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2020 00:03 видеодан алынды
Уханьда ашылған 17 уақытша аурухана жабылып жатыр.

Уханьда коронавирустық инфекция жұқтырған науқастарды қабылдау үшін ұйымдастырылған 14 уақытша аурухананың барлығы науқастар емделіп шыққан соң жабылды, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

10 наурызда Ухань стадионында ұйымдастырылған "Учан" уақытша ауруханасының жабылу салтанаты өтті. Уханьда ашылған барлық уақытша ауруханалардың ішінде Учан соңғысы болып жабылды. Соңғы науқастар қалды, олар да жақын арада босап үйлеріне шығады.

Уханьда жаңа типті коронавирустың өршуіне байланысты бірқатар стадиондар мен көрме орталықтары уақытша ауруханалар ретінде қайта құрылды. Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына және жұқтыру фактілерінің күрт азаюына байланысты ауруханалар жабыла бастады.

Соңғы ресми мәліметтерге сәйкес, індет ошағы - Хубэй провинциясында соңғы бір күн ішінде 17 инфекция жұқтырған адам тіркелді (барлығыда Уханьда), 1 152 адам емделіп шықты (Уханьда - 896), 17 өлім тіркелді (Уханьда - 16). Эпидемия басталғаннан бері провинцияда 67 760 жұқтыру оқиғасы анықталды (Уханьда 49,965), 47 585 науқас сауығып кетті, 3024 адам қайтыс болды (Уханьда - 2,440). Қазіргі уақытта провинцияда 17151 адам ауырып жатыр, оның 4 701-нің жағдайы ауыр.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Қытайда инфекция жұқтырғандардың саны 80 754 адамды құрады, 3146 адам қайтыс болды, 59 897-сі емделді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: