Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қазақстанда екі адамнан коронавирус анықталды

Науқастар Германиядан келген екен.

Сурет : Facebook/ОДА13 Наурыз 2020, 14:40

Қазақстанда алғашқы коронавирус дерегі анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен өткен брифингте айтылды.

- Өкінішке қарай, екі рет тексерілген тесттің нәтижелері коронавирусты растады. Ол науқастар Германиядан келген, деді Біртанов.

Коронавирус ер адам мен әйелден анықталды.

Науқастар Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Клиникалық симптомдары жоқ, олар өздерін жақсы сезінеді.

- Біз толық дайынбыз. Төсектер дайын. Медициналық құралдар жеткілікті, - деді Біртанов.

Тақырыпқа орай: Коронавирус жұқтырғандар Алматыдағы ауруханаға түскендер - министр

Тағы оқи отырыңыз: Коронавирус жұқтырғандармен қанша адам байланыста болған?

Айта кетсек, 10 наурызда еліміздің бас сантитар дәрігері Жандарбек Бекшин Қазақстанда коронавирус 11-16 наурыз аралығында анықталып қалуы мүмкін екенін жариялаған. Бұл карантиндегілерді зерттеген ғалымдар болжамы болатын.

Біздің болжамымыз бойынша, шамамен 11-16 наурызда елде коронавирус анықталуы мүмкін. Бұл тек болжам, ол расталмауы да мүмкін, - деді ОКҚ-де өткен брифингте ҚР Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Денсаулық сақтау министрлігінің мұндай жағдайға арналған Б жоспары бар. Оқу орындары жабылып, барлық бұқаралық шаралар тоқтатылады, науқастар мен байланыста болғандарды мәжбүрлі оқшаулау талаптары жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылдың 6 қаңтарынан бастап коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуын болдырмау үшін күшейтудің төрт кезеңі жүзеге асырылды, шекараларда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді, коронавирус таралған елдермен әуе қатынасы шектеліп, тоқтатылды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, 2020 жылдың 1 ақпанынан 4 наурызына дейін Қазақстанға мемлекеттік шекара өткізу пункттері арқылы барлық елдерден 1 736 462 адам келді, оның ішінде ЕАЭО елдерінен 992,623 адам. 6 қаңтардан 5 наурызға дейін Қазақстанға Қытайдан мемлекеттік шекара арқылы 33124 адам келді.

7 наурызда Қазақстан коронавирус таралуы қауіпі жоғары елдердің тізімін жаңартты.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер