Рудныйда екі әйелдің өліміне қатысты тың деректер жарияланды
Алау
21 ақпанда қылмыскер жақын маңдағы тоғанға барып, қылмыс ізін жасыру үшін шұңқыр қазып келген екен.
Рудный қаласы полиция бөлімінің басшысы Алик Бажықбаев екі әйелдің өліміне қатысты қылмыстық оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz alau.kz сайтына сілтеме жасап.
21 ақпанда полицияның кезекші бөліміне бір әйел өзінің 68 жастағы әжесі мен жиенінің телефон қоңырауларына мүлде жауап бермей жатқандығы туралы хабарлама түскен. Осы факті бойынша полиция із-түзсіз жоғалған адамдардың тұрғылықты мекеніне бет алды.
Пәтерде ешкім болған жоқ. Зардап шеккендердің бірі арбаға танылған мүгедек адам болатын. Әйелдерді іздеу шаралары қолға алынды. Бақылау камераларынан, "Автоураган" жүйесінен видео материалдар алынды. Видеоға түскен барлық көліктерді қарай бастадық. Бұл - шамамен 40 көлік. Әр жүргізушіні шақырып алып, жекелей сөйлестік. 22 ақпанда шамамен түнгі сағат 4-те күдіктінің болуы ықтимал мекен-жай анықталды. Таңғы сағат 6-да ол ұсталды. Күдікті бірден өз кінәсін мойындады. Біз тез әрі шалт қимылдадық. 21 ақпанда қылмыскер жақын маңдағы тоғанға барып, қылмыс ізін жасыру үшін шұңқыр қазып келген екен, - деді Алик Бажикбаев.
Полиция қызметкерлері бұдан басқа мәліметті бере алмайтындарын айтты.
Әлеуметтік желілерде хабар-ошарсыз кеткен әйелдердің денесі бөлшектеліп тасталғаны хабарланған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript