Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Елімізде азық-түлік тапшылығы жоқ – ҚР АШМ

Елімізде азық-түлік тауарларының барлық түрлері бойынша жылдық өндіріс - халықтың қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Сурет : primeminister.kz13 Наурыз 2020, 16:46

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қоры жеткілікті және олардың өндірісі тұрақты. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапархан Омаров ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде және республиканың барлық өңірлерінде халықты негізгі азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша мониторинг жүргізетін жұмыс тобы құрылғанын атап өтті.

Облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдіктерінің жедел мәліметтері бойынша бүгінгі таңда өңірлік тұрақтандыру қорларында, тауар өндірушілер мен сауда ұйымдарында, сондай-ақ басқа да қоймаларда 1,2 млн тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының қоры сақталған.

Бұл пайдалануға дайын және 5-6 айға дейін жеткілікті өнім қоры (өнім түріне байланысты). Азық-түлік тауарларын өндіру үшін жарма, ұн, консервілер, қант және басқа да шикізаттың қоры, сондай-ақ ет-сүт өнімдерін өндіру үшін жеткілікті мал басы бар.

Сонымен қатар, күнделікті азық-түлік өндірісі жалғасуда. Бұл ұзақ мерзімге қажетті азық-түліктің көлемі тұрақты түрде болатынын білдіреді.

Сондай-ақ, штаттық режимде өндіріс орындарынан сату орындарына дейін жеткізілуде, сауда орталықтары мен базарлар кестеге сай жұмыс істеуде.

"Елімізде азық-түлік тауарларының барлық түрлері бойынша жылдық өндіріс - халықтың қажеттілігін қамтамасыз етеді. Ал, кейбір түрлері бойынша тіпті қажеттіліктен асып түседі. Мысалы, елімізде бидай ұны 3 млн тоннадан астам өндірілсе, оның тек 1,5 млн тоннасы тұтынылады, яғни екі реттік қор бар; күріш 144 мың тонна өндіріледі, ал қажеттілігі тек 76 мың тонна, екі реттік қор бар; макарон 165 мың тонна өндірілсе, 153 мың тонна тұтынылады, яғни қамтамасыз етілуі 108%-ды құрайды; картоп 3,9 млн тонна өндіріледі, бұл 107%-ға қажеттілікті қамтамасыз етеді", - деді министр.

Сондай-ақ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі астық қоры 7,9 млн тоннаны құрайтынын атап өтті.

"Осылайша, тұтыну көлемі және өндіріс қарқынының сақталуына байланысты елде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тапшылығының туындауына ешқандай негіз жоқ", - деп атап өтті С. Омаров.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер