Жаңалықтар тізбегі
0

Коронавирустың белгілері қандай

Shutterstock / Fotodom, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2020 23:30 Shutterstock / Fotodom
Белгілері жоқ адамнан жұқтыру қауіпі төмен.

Қазақстанда коронавирус анықталуына байланысты zakon.kz осы аурудың негізгі белгілері туралы хабарлайды.

Ақпарат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтынан алынды.

COVID-19 белгілері қандай?

COVID-19-дың жиі кездесетін белгілері:

Дене қызуы, әлсіздік және құрғақ жөтел.

Кей науқастар ауырсынуды сезінеді, мұрынның бітелуі, ағуы, фарингит немесе диарея байқалуы мүмкін.

Әдетте, бұл белгілер біртіндеп дамиды, жеңіл өтеді.

Вирус жұқтырған кей адамдар тіпті ешқандай белгілерді сезінбейді, нашарлықты сезбейді.

Көп жағдайда (шамамен 80%) ауру жазылумен аяқталады, арнайы емдік шаралар қажет емес боалды. COVID-19 жағдайының алтыдан бірінде тыныс алу жеткіліксіздігінің дамуымен ауыр белгілер пайда болады.
Егде жастағы адамдар, сондай-ақ артериалды гипертензия, жүрек ауруы немесе қант диабеті сияқты соматикалық аурулары бар адамдар үшін COVID-19 ауыр тиеді.

Дене қызуы, жөтел немесе тыныс алу қиын болса, дәрігерге хабарласыңыз.

Вирус қалай таралады?

2019-nCoV вирус жұқтырған басқа адамдардан жұға алады. Ауру жөтелу немесе түшкіру кезінде науқастың мұрнынан немесе аузынан шығатын ұсақ тамшылар арқылы адамнан адамға жұғуы мүмкін. Ондай тамшылар адамның айналасындағы заттардың беттеріне түседі. Адам алдымен затты ұстап, сосын көз, мұрын немесе аузызға қолын тигізу арқылы жұқтыруы мүмкін. Сонымен қатар, COVID-19 инфекциясы науқас адам жөтелгенде немесе түшкіргенде шашырайтын микро тамшыларды жұту арқылы жұғуы мүмкін. Сол себепті науқас адамнан кемінде 1 метр қашықтықта болу керек.

Белгілері жоқ адамнан COVID-19 жұқтыруға бола ма?

Вирус негізінен жөтел немесе түшкіру кезінде адамның тыныс жолдарынан бөлінетін тамшылар арқылы таралады. Ауру белгілері жоқ адамнан жұқтыру қауіпі өте төмен.

Екінші жағынан, кей адамдарда COVID-19 белгілері байқалмауы мүмкін. Әсіресе аурудың бастапқы сатысында. Осылайша, ауруды сезінбейтін және әлсіз жөтелі бар адамнан COVID-19 жұқтыру қаупі бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: