Елімізде коронавирус жұқтырған үшінші адам анықталды

zakon.kz zakon.kz
Үшінші науқас әйел Нұр-Сұлтанда анықталды. Ол Италиядан келген екен.

ОКҚ-да екінші рет өткізілген брифингте коронавирус жұқтырған тағы бір қазақстандық белгілі болғандығы жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтан қаласында үшінші науқас анықталды. Ол Италиядан келген. Жолаушы Миланнан Нұр-Сұлтанға 12 наурызда ұшып келді. Ол ұшақтан түсе салысымен бірден карантинге жатқызылған, - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Қазір инфекцияның таралу тізбегін тоқтату бойынша жұмыс жүргізілуде, әйелмен байланыста болған адамдар анықталуда.

Бұл науқас бойынша жұмыс хаттамаға сәйкес жүргізіледі.

13 наурызда Қазақстанда коронавирустың екі жағдайы белгілі болды. Олар Германиядан Алматыға келгендер. Қазір науқаспен байланыста болған адамдарды анықтау шаралары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: Коронавирус жұқтырған қазақстандық әйелмен бірге ұшақта 90 жолаушы болған

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз