Үкімет пен Сенатта өтетін жиындарға енді журналистер қатыстырылмайды

Youtube Youtube
Енді Үкімет пен Сенат отырыстары аталған мекемелердің ресми сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Елде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Үкімет пен Сенатта өтетін жиындарға қатысушылар санына шектеу қойылды, деп хабарлайды "Хабар 24".

"Өзгеріс бүгіннен бастап күшіне еніп, 15 сәуірге дейін жалғасады. Шектеу бұқаралық ақпарат құралдарына да қатысты. Енді Үкімет пен Сенат отырыстары аталған мекемелердің ресми сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы тікелей эфирде көрсетіледі. Көрсетілім уақыты алдын ала хабарланады", делінген хабарламада.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында 16 наурыздан бастап коронавируске байланысты төтенше жағдай енгізді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз