Жаңалықтар тізбегі
0

Nur Otan-ның қоғамдық қабылдауына келген азамат жұмысқа шақырту алды

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2019 04:01 «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Алғаш рет әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде жүрген қоғамдық қабылдау барысында Хаким Дүйсешұлы азаматтардың өтініштерін тыңдап, сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша қойылған бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалында жеке және заңды тұлғалар арасында қоғамдық қабылдау жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz елордалық Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Алғаш рет әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде жүрген қоғамдық қабылдау барысында Хаким Дүйсешұлы азаматтардың өтініштерін тыңдап, сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша қойылған бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Түркістан қаласының тұрғыны Мырзақұлов Құрманбай мектеп директорының өзін мұғалімдіктен босатқанына наразы. Шағымданушының айтуынша, Түркістан қалалық білім бөліміне қарасты МҚКК "Қолөнер мектебінде" директордың оқу ісі жөніндегі орынбасар қызметін атқарған. 2018 жылы 3 қазанда мектеп директоры Қ. Мырзақұловтың штат бірлігін заңсыз қысқартқан. Мұнымен келіспеген азамат сотқа жүгінген. Қолында дәлел-дәйектері де бар. Мәліметке сүйенсек, қолөнер мектебінің басшылығы ата-аналардың қолы қойылған жалған құжат жасатып, биыл каникул кезінде 239 оқушыдан 145 оқушыны қысқартып, мектепте 93 баланы қалдырған. Қазақстанда баламасы жоқ мектептің бүгінгі тағдырына алаңдаған департамент басшысы бұл істі назарға алатынын жеткізді.

Сондай-ақ Кентау қалалық емханасында оператор қызметін атқаратын мүмкіндігі шектеулі Анарбекова Анаркүл өзі қызмет ететін емханада бухгалтерлік қызметке кіруге ниет еткен. 2015 жылы бухгалтер курсын аяқтаған Анаркүлді емхана басшылығы кемсітіп, аталған жұмысты бір қолмен игере алмайсың деп жауап қатқан. Әділдік пен адами қарым-қатынас іздеген азаматша Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалына арнайы келген. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Хаким Дүйсешұлы азаматтық танытып, Анаркүлді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментіне бухгалтерлік жұмысқа шақырды.

Айта кетейік, Nur Otan партиясы облыстық филиалының Қоғамдық қабылдауы әлеуметтік желіде тікелей эфирде өтті. Виртуалды Қоғамдық қабылдауда азаматтар тарапынан біршама сауалдар қойылып, оларға тиісінше шұғыл жауап жолданды. Партия филиалының xалықпен тілдесудегі жаңа бастамасы ары қарай да жалғасын табатын болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: