Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда "Анық" атты апталық жаңа газет шығады

"Анық" газеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2020 20:20 "Анық" газеті
Бас редакторы – ақын, журналист Төреғали Тәшен.

Алматыда республикалық, қоғамдық, ақпараттық-танымдық "Анық" апталық газетінің алғашқы саны жарық көрмек, деп хабарлайды zakon.kz.

5 мың дана таралыммен шығатын жаңа газеттің бас редакторы – ақын, белгілі журналист Төреғали Тәшен.

"Айтарымыз анық, қадамымыз нық", деген ұран ұстанған жаңа басылымның тұңғыш саны 20 наурызда жарық көрмек.

– Жаңа газет – әлі ашылмаған зат секілді. Оқырманның көзі қолына алған кезде алдымен газет атауына түседі. "Кемеге қандай ат қойсаң – жүзуі де сондай болмақшы" деген мақал газет атауына да қатысты. Кемеге ат қою Иса пайғамбар тумастан көп бұрын Мысыр перғауындары заманында шыққан екен. Сол кезде әскери кемелерге перғауындар жаудың үрейін ұшыратын атау беріпті. Кеме атауына әулиедей сенген теңізшілер секілді, бізге де ақпарат айдынына жаңадан желкен керіп шыққан газетімізге жақсы есім бере білу өте маңызды болды. Жүз ойланып, мың толғана келе "Анық" деген анық есімге тоқтадық, – дейді газеттің бас редакторы Төреғали Тәшен.

Газет А3 форматында 8 беттен құралып, айына төрт рет шығады. Қағаз түрімен қоса жаңадан ашылар сайтта газеттің электронды нұсқасы да жарық көрмек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: