Алматыға кіріп-шығуға ешқандай арнайы рұқсат қағаздар берілмейді

Ешқандай пропуск дегендер болмайды.
Қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов брифингте жекелеген адамдардың Алматыға кіріп-шығуына рұқсат беретін ешқандай арнайы құжаттар болмайтынын айтты, деп хабарлайды, zakon.kz.
- Ешқандай пропуск дегендер болмайды. Комиссия тек айрықша жағдайларда ғана көлікті қалаға кіргізу мәселесін қарастырады, - деді ол.
Айрықша жағдайға қала тіршілігінің қамтамасыз етілуіне қажеті адамдар ғана жатады.
- Қала жабық болуы тиіс. Басты міндет – вирусты жеңу, - деді Қожағапанов.
Бөлісу
0
Толық оқу