Жаңалықтар тізбегі
0

Арнайы дайындықтан өтпегендер министр немесе әкім орынбасарлары бола алмайды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2020 23:09 Ақорда
Саяси лауазымдар үшін бұрын ешқандай біліктілік талаптары қарастырылмаған.

Қазіргі уақытта саяси лауазымдарға біліктілік бойынша талаптар қойылмайды. Осыған байланысты бұл лауазымға жеткілікті жұмыс тәжірибесі жоқ адамдар келе алады. Бұл түзетулер Президент әкімшілігінің тапсырмасымен 2019 жылдың 13 қазанында жасалған. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешов арнайы дайындалмаған адамдардың жоғарғы қызметке тағайындалуына енді мүмкіндік болмайтынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Қазір бізде саяси мемлекеттік лауазымдарға толықтай дайын емес және жеткілікті жұмыс тәжірибесі де, біліктілігі де жоқ адамдар келетін жайттар болады, сондықтан біз облыстар әкімдерінің орынбасарлары және министрлердің орынбасарлары сияқты лауазымдарға біліктілік талабын енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл – біріншіден. Одан әрі мұның бәрі президенттің шешіміне сәйкес жүзеге асырылады, бұл ереже қай лауазымға қолданылатын болады және қайсысы болмайды, барлығын Мемлекет басшысының шешіміне сәйкес реттеледі, - деді Марат Дәушев.

Ол саяси лауазымдар үшін бұрын ешқандай біліктілік талаптары қарастырылмағанын айта кетті. Керісінше, әкімшілік қызметкерлерге әрдайым біліктілік талаптары қойылып келді, ал "А" корпусы лауазымдары үшін әдетте өте қатаң арнайы біліктілік талаптары болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: