Қазақстанда жеке сот орындаушыларына қойылатын біліктілік талабы өзгерді
Енді жеке сот орындаушысы болып қызмет етушіге мынандай талаптар қойылады:
ҚР азаматтығы болуы;
"Құқықтану" мамандығы бойынша жоғары білімі болуы;
Талаптардың біріне сай келуі;
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу үшін аттестациядан сәтті өту;
Жоғарғы сот кеңесі жанындағы біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсыру, соттағы тағылымдамадан сәтті өту және облыстық немесе соған теңестірілген соттың жалпы отырысында оң баға алу;
судья лауазымында қалуға немесе дәлелді себептер бойынша судьяның өкілеттігін тоқтатуға;
прокурор немесе тергеуші лауазымындағы кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдарда кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Бұйрық 2022 жылғы 19 наурыздан бастап күшіне енеді