Арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға лицензиялар кімге беріледі
Атап айтқанда, түзетулер арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын жақсарту үшін халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге лицензия беру кезінде ұйым қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін тану туралы құжаттың міндетті түрде болуы көзделетінін айқындайды.
Еңбек министрлігі ақпаратынша, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың кәсіби білімін, дағдылары мен құзыреттерін үнемі жаңартып отыру қажеттілігі туындайды. Осыған байланысты халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру кезінде кәсіптік біліктілігі танылған мамандардың болуы ұсынылады.
Құжат 14 қыркүйекке дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.