Қазақстанда тұрмыстағы зорлық құрбандарына көмек көрсету стандарттары қабылданды
Сурет: pexels
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2023 жылғы 29 маусымдағы бұйрығымен халықты әлеуметтік қорғау саласында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Стандарт тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандары уақытша тұруға арналған мемлекеттік және жеке ұйымдарда уақытша (6 сағатқа дейін) немесе тәулік бойы (екі айдан бастап) тұруға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету сапасына, көлеміне және шарттарына қойылатын талаптарды белгілейді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің бірнеше түрі қарастырылған.
Бұйрық 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2023 жылдың 20 сәуірінде Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтетін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және Қылмыстық кодекске түзетулер қабылданды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript