Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда мүгедектігі барларды әлеуметтік қорғау саласында үйлестіру кеңесі құрылады

Қазақстанда мүгедектігі барларды әлеуметтік қорғау саласында үйлестіру кеңесі құрылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2023 17:11 Сурет: Zakon.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында Үйлестіру кеңесін құру туралы" бұйрық дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үйлестіру кеңесінің құрамы мемлекеттік органдар мен мүгедектігі барлардың қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің ішінен құрылатын Үйлестіру кеңесінің төрағасынан, төраға орынбасарынан, хатшысынан және мүшелерінен тұрады.

Үйлестіру кеңесіндегі мүгедектігі барлардың қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің құрамы екі жылда бір реттен кем емес өзгертіледі. Сонымен қатар мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесі туралы ереже әзірленді.

Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері мынау бойынша ұсыныстар әзірлеу:

  • «Мүгедектігі барлардың құқығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Заңымен ратификацияланған Мүгедектердің құқығы туралы конвенция бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
  • мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру;
  • мүгедектігі барлардың құқығын қорғау және әлеуметтік қорғау саласындағы бағдарламалық құжаттардың іске асырылуын қарау;
  • басшылар мен лауазымды тұлғалардың мүгедектігі барлар құқығын қорғау және әлеуметтік қорғау саласындағы жұмысы туралы есептерін тыңдау және олардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Үйлестіру кеңесінің шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және үйлестіру кеңесі мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы оларды қолдаған жағдайда қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

Үйлестіру кеңесінің шешімдері хаттамамен ресімделетіні және консультативтік сипатта болатыны көрсетілген. Үйлестіру кеңесінің мүшелері ерекше пікір білдірген жағдайда оны жазбаша түрде баяндап, хаттамаға қоса беруі көзделеді.

Құжат 5 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтына жарияланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: