Қазақстанда қарттар үйлері мен мүгедектігі бар адамдарға арналған орталықтардың жаңа түрлері пайда болады

Инвалидность, рабочие места для инвалидов, люди с ограниченными возможностями, инвалиды, инвалидное кресло, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2026 09:47 Фото: freepik
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған құжатта, атап айтқанда, келесі бағыттар бойынша стандарттар әзірлеу қарастырылған:

  • стационарлық жағдайда қызмет көрсететін арнайы әлеуметтік қызметтер орталықтарының қолданыстағы желісіне балама ретінде әмбебап дизайн қағидаттарына негізделген, инклюзивті өмір сүруге арналған шағын сыйымдылықтағы үйлер желісін дамыту;
  • мүгедектігі бар балаларды отбасында қалдыруды көздей отырып, оларға стационарлық жағдайда арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтардың жұмысын оңтайландыру мақсатында күндізгі болу бөлімшелерін дамыту.

Министрліктің атап өтуінше, бұл жобаның қабылдануы әмбебап дизайн қағидаттары негізінде шағын сыйымдылықтағы үйлер желісін дамыту арқылы мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға арналған стационарлық қызмет көрсету түрлерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, инклюзивті тұрмыс жағдайларын қамтамасыз етіп, арнайы әлеуметтік қызмет алушылардың өздігінен өмір сүру қабілетін арттыруға, әлеуметтік бейімделуіне және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталады.

Құжат 2 ақпанға дейін "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға шығарылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: