Полиция облыс территориясы бойынша Алматыны айналып өту картасын ұсынды

zakon.kz zakon.kz
Алматы полиция департаменті облыс азаматтарына өз маршруттарын алдын-ала реттеп, жоспарлауға кеңес береді.

19 наурызда сағат 00:00-ден бастап жарияланған карантин ережелерін сақтау, сондай-ақ мегаполистегі көлік көлемін төмендету мақсатында Алматы полициясы қаланы облыс территориясы арқылы айналып өтетін жолдар белгіленген картаны жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Онда облыс территориясы бойынша қаланы айналып өту бағыттары көрсетілген. Шартты түрде, мысалы Талғар ауданынан Қарасай ауданына және басқа аумаққа қалай жетуге болады. Осы секілді Алматы облысының елді-мекендеріне қаланы басып өтпей жетуге болатын бағыттар картада нақты көрсетілген, деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, полиция департаменті азаматтарды өз маршруттарын алдын-ала реттеп, жоспарлауға және төтенше жағдайлар мен карантин ережелерін қатаң сақтауға, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, короновирустық инфекциямен күресу және алдын-алу бойынша қабылданған шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-03/thumbs/1584590303_1584582416_whatsapp-image-2020-03-19-at.jpeg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз