Өскеменнің кей көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
![ustinka.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2021 17:56](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-cffa5f07-99e8-43f7-ad22-a455405c031e/800x452.webp)
Өскемен қаласының әкімшілік полиция басқармасы көше-жол желісінде жол-құрылыс жұмыстарының басталуына байланысты автомобиль көлігінің қозғалысы шектелетінін ескертеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Көлік қозғалысы келесі көшелерде шектеледі:
1. Ертіс өзені арқылы өтетін көпір;
2. Мостовая көшесі (Назарбаев даңғылынан, Карбышев көшесіне дейін);
3. Космическая көшесі (Назарбаев даңғылынан – Михаэлис көшесіне дейін);
4. Сейфуллин көшесі (Ахмер кенті, орталық көшесі);
5. Горький көшесі (Әуезов даңғылынан, Пермитин көшесіне дейін);
6. Волгоград көшесі (Абай даңғылынан, Интернациональная көшесіне дейін);
7. Гагарин бульвар(Назарбаев даңғылынан, Карбышев көшесіне дейін);
8. Грейдерная көшесі (Защита жол өткелінен, Тынышпаев көшесіне дейін);
9. Сәтпаев даңғылы (Ертіс өзені көпірінен, Жібек жолы көшесіне дейін);
10. Славский атындағы жағалау (Ертіс өзенінен, Әуезов даңғылына дейін).
ШҚО ПД баспасөз қызметі жүргізушілерге енгізілген шектеулерді ескере отырып, бағыттарын алдын-ала жоспарлауға кеңес береді.